-Сәлем,
-Сәлем.
-Қалайсың?
-Бақыттымын.
Өзің?
-Жүрмін таба алмай бақыт гүлін.
Жалғызсыңба? Жоқ алде серігің кім?
-Сүйіктім бар, ұмыттым уақытты мұң.
-Ұмыттыңба мені де ?
-Ұмытқанмын.
Жүрегімді сен үшін құлыптадым.
Өзің?
-Неге сұрайсың білесің ғой.
Жинап жүрмін өткеннің сынықтарын.
-Неге олай?
-Қимаймын. Сенесіңбе?
-Алдамашы, алмашы мені есіңе,
-Өзім білем,сыртыңнан ғашық болып.
Жырларымды оқыймын елесіңе.
-Сол баяғы қиялдың құрбанысың.
Уақытым жоқ сөзіңді тыңдау үшін.
-Тоқта сенен, сұрарым бар, неге мені.
Тез ұмытып, сен керек қылмадың шын.
-Қойшы болды өткенге қаратпағын.
Сенсіз ақ атып жатыр әр ақтаңым.
Бақыттымын дедім ғой мазалама.
Саған неге қосты екен, жаратқаным.
-Жыладыңба?
Жылама өтінемін.
Сен жыласаң мұң басар көкірегім.
-Жыламаймын мендегі жаста біткен.
Тек сені сүйгеніме өкінемін.
-Білем мені, ойладың,іздедіңде.
Байқатпадың сезімді бізге мүлде.
Жаным деген сөзімді сағындың ғой.
Сағыныш боп қарашы күз келуде.
Біз екеуміз, қол ұстасып шарлаған,
Алып қала, сенсіз жаным тар маған.
Күн күркіреп, жауын шашып тұрғандай,
Бұл өмірдің сәніде бір қалмаған.
Ағаш қурап ,жапырағы сарғайған,
Құстар шулап, бұрынғыдай салмайды ән,
Жан әлемім тозған, сенсіз көріктім,
Бара жатыр өмірімде қалмай мән.
Құстар тастап кеткендей ұяларын.
Менен кетпе, мен қалай қия аламын.
Соңғы сұрақ қояйын сүйесіңбе?
Шыныңды айт жарығым.
-Иә, жаным.